Асқазан ауруы туындауының себебі неде?

Еліміздің әрбір екінші тұрғыны асқазан дертімен ауырады. Оның алдын алуға бола ма? 

Қазақ радиосындағы «Бірінші байлық» бағдарламасының қонағы – Республикалық отбасылық дәрігеразақ радиосындағы «Бірінші байлық» бағдарламасының қонағы – Республикалық отбасылық дәрігерлік орталығының бас дәрігері Нағима Шұғаева осы сұрақтарға жауап берді.

- Сіздердің міндеттеріңізге не кіреді?

Қалай тамақтану керек, асқазан ішек ауруларының алдын алу, асқынуларды болдырмау сынды сұрақтарға жауап беру.

- «Ауру – астан» дегенге көзқарасыңыз?

Толық келісемін. Себебі, уақытылы тамақтанбаймыз. Полуфабрикат, фасфуд өнімдерін көп тұтынамыз. Ал, ол өз кезегінде асқазанымызға зиянын тигізбей қоймайды.

- Асқазан ауруы неден туындайды?

Уақытында профилактикалық емдік шаралар жүргізбегендіктен. Скрининг жүргізу керек. Көбіне адамдар жұмыс бабымен қолдары тимей тексеріс шараларын кейінге қалдырады. Ал, үлкен адамдар жиі ауырып, дәріге жүгінеді. Асқазанның шырышты қабаты жұқа келеді, ал, бұл химикаттар оны тез зақымдайды. Соның кесірінен ойық жаралар пайда болады.

- Қалай дұрыс тамақтану керек?

Адам күніне 4-5 рет аз-аздан тамақтану керек. Оның негізгісі таңғы, түскі, кешкі астар. Көбіне сұйық тамақ ішкен абзал және суды көп тұтыну қажет.

- Кешкі асты тойып ішіп, ұйқыға жататын адам ауруға шалдығуы мүмкін бе?

Бек мүмкін. Кешкі ас асқазанға көп салмақ түсіреді. Астын қорытылуын қадағалау керек.

- Ауыздан жағымсыз иіс шығудың себебі неде?

Қорытылмай қалған астың кесірі. Асқазан сөлінің кейде жоғары, кейде төмен болуына байланысты. Емдеу үшін емдік шарадан өту керек. Толық емделемін десеңіз 3 ай уақыт қажет.

- Асқазандағы түйін не себептен пайда болады?

Ол лимфа бездерінің ұлғаюынан туындауы мүмкін. Бірінші ультрадыбыстық зерттеу жүргізесіз. Бұл зерттеуден аурудың түрі анықталмаса, компьютерлік томографияға түсіресіз.