Бензин бағасы көтеріле ме?

Бензиннің бағалық саясатына қатысты жағдайды Энергетика министрлігі түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan. 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жылдың аяғына дейін бензин бағасы көтерілмейді.

Министрдің сөзіне сүйенсек, отынның құны мұнай көрсеткіштерінің ауыспалдылығына байланысты өзгереді.

Сонымен қатар, министрліктің мәлімдеуінше, бензинмен қатар жыл соңына дейін газдың құны да тұрақты позициясын сақтап қалады.

Осыған байланысты электр станцияларында отынның орнына пайдаланылатын газ құны төмендейді. Бұл өз кезегінде қызметтің бағасын түсіреді.

Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстандағы бензин бағасы 0,48 долларды құрайды. Ресми деректерге сүйенсек әлемдегі ең арзан баға Венесуэллада – 0,01доллар, ал, ең қымбаты Гонконгта – 2,10 доллар.