25 жылдан кейін орындалған арман

Ұлттық мүддені қорғаудың басты тетігі –латын әліпбиіне көшу. Қазақ және Шалқар радиосының тікелей толқынында өткен «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТТЫҢ» басты мақсаты осы. Айта кету керек, тәуелсіздіктің алғашық жылдарында қазақ жазуын латынға көшіру мәселесі көтерілген болатын. Бұл мәселе неге енді жүзеге асып жатыр? 

Қазақ радиосының тікелей эфирінде жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

«Латын қарпінің қазақ даласына таралуы ежелден басталған. Ақпарат саласының өкілдері өкінішке орай бұл тарихи шындыққа көп бара бермейді. 1519 жылы «Төре бітігі» атты атақты кітап шыққан. Ол армян тілінен қыпшақ тіліне аударылған. Ол кітіпты ғалымдар Александр Гарковец пен Қайрат Сапарғали заңдық тұрғыдан зерттеді. Қолжазбалар Арменияда, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде сақталған. Францияның мұрағаттарынан да табуға болады.

Осыдан 10-15 жыл бұрын Әділет министрлігінің көмегімен сол кітаптар жеке том - том болып шықты. Оған мен де өз үлесімді қостым. Қайрат Сапарғалиев қазіргі заң терминдеріне келетін 1500-ден аса сөздерді іске қосты. Сол кезден бастап жалпы әлемде жер шарының тең жартысына жуығы латын қарпінде жазатын. Біз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ең алғашқы құрылған тіл комитетінде осыдан 25 жыл бұрын бұл мәселені көтердік. Академик Хайдаровтың мақаласы жарияланды. Сол бойынша бір жыл бойы Қазақстанның барлық газеттерінде тіл комитетінің мұрындық болуыменен бұл мәселе талқыланды.

Енді, бұл мәселе сол кезде көтерілгенімен, «Неге жүзеге аспады?» деген сұрақ туындайды. Тіл комитеті Президентке шықты. Бірақ, ол кезде латын әліпбиіне көшу мүмкін болмады. Міне, сол арман 25 жылдан кейін іске асып отыр»,- деді қоғам қайраткері.