Елімізге ғылым мен техниканың жаңа дәуірі келеді

«Astana Hub»-та адам өмірін жеңілдететін, мемлекетке тиімді болатын, қаражат үнемдейтін түрлі отандық инновациялық жобалар мен жаңа технологиялар іске асырылады.


Әрбір жобаның ауқымын кеңейту үшін стартаперлерге қолдау көрсетіледі. Білімді жастар, өздерінің Smart жобаларын осында келіп көрсетеді. Жобасын сәтті қорғаса, оған демеушілер табылып, жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалады. 

«Astana Hub» техопаркінің жалпы аумағы 10 мың шаршы метр. Ғимараттың 1-қабатында бағдарламалау мен кәсіпкерлерге арналған түрлі курстар ұйымдастырылса, екіншісінде стартап жобалар жетілдіріледі. Ал 3-қабат акселерация үшін қарастырылған болса, соңғы 4-қабатта бизнес серіктестердің офисі орналасқан.

«Astana Hub» Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысын ресми іске қосу шарасы кезінде «The Startup Owner's Manual» кітабының авторы, кәсіпкер Боб Дорф стартаптарды дамытуға қатысты кеңес берді. 

«Astana Hub»-тың ашылуы кезінде 13 телеарна, 4 радио, 11 газет, 15 ақпараттық агенттік хабар таратты. 

Оқиға орнынан хабар таратқан «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС жаңалықтар қызметінің тілшісі Ләззат Ноғайбай. 

Сурет әлеуметтік желіден алынды.