Шетелге кеткен 50 миллиард

Қазақстандықтар бесінші ай қатарынан шетелге 50 миллиард теңге көлемінде ақша аударуда. Аударымдардың көбі Ресейге, Өзбекстанға және Түркияға жіберіледі, деп хабарлайды ranking.kz.

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 437,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға көп.

Ақша ең жиі аударылатын ел – Ресей (168,5 млрд. Бір жыл ішінде 27,2%-ға өскен). Ресей Федерациясының үлесі 38,5%.

Одан кейін Өзбекстан – 84,6 млрд. Өсу бағамы 29,4% -ға артқан. Бір жыл ішінде 18,9% -дан 19,3% -ға дейін өскен.

Түркия 48,8 млрд теңгемен үшінші орынды иеленіп отыр. Жылдық өсім – 90%. Үлесі 7,4% -дан 11,2% -ға дейін өскен.


Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстаннан тыс жерлерге ақша аударымдарымындағы ең жоғары деңгей 57,7-57,6 млрд теңгені құрады.

Сурет Forbes.kz сайтынан алды.