Қазақстан мен Ресейдің туризм ынтымақтастығы

Қазақ радиосы мен «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы бірлескен жоба – «СапарLike» бағдарламасының кезекті саны «Қазақстан мен Ресейдің туризм ынтымақтастығы» тақырыбына арналды. Студия қонағы саяхатшы, блогер Алия Хайроллақызы.

Бағдарлама сайын «Astana citypass» картасы ойнатылады. Жеңімпаздар смарт-карта арқылы Астанадағы «ЭКСПО» мұрасы, «Астана-Бәйтерек» монументі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Мәңшгілік Ел» аркасы, Сәкен Сейфуллин музейі, Бейбітшілік және келісім сарайын, «Ailand» океанариумы мен «Джунгли» аниматроникстер театрын тегін аралайды.

Толық ақпарат «СапарLike» хабарының аудионұсқасында.

«СапарLike» бағдарламасы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.