Дәрі бағасы реттеле ме?

Отандық дәрі-дәрмек мәселесі қалай реттеліп жатыр? Еліміздегі дәрі-дәрмек бағасының жылдан-жылға қымбаттауына не себеп? Тегін дәрілер кімге беріледі? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары Ержан Асқарұлы Жүнісов «Астана» радиосының «Еңселі Елорда» бағдарламасында жауап берді.

«Фармацевтикалық қызметпен 12 мыңнан астам объект айналысады. Бұл сан жылдан-жылға едәуір өсіп жатыр. Оның 94%-ы жеке меншік субъектілерден құралып отыр. Қазақстанға шетелден әкелінетін дәрі-дәрмектер негізінен Германия, Франция, Үндістан, Ресей және тағы да басқа елдерге тиесілі. Отандық фармацевтикалық өнімдердің де көлемі жылдан-жылға артып келеді. Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысында дәрі-дәрмектер өндіретін көптеген заводтар бар»,-дейді Ержан Асқарұлы.

Толық ақпарат «Еңселі Елорда» бағдарламасының аудионұсқасында.