Меморандумға қол қойылды

«Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі арасында меморандумға қол қойылды.

«Қазақконцерт» басшысы Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, еліміздің үздік ұйымдарының ынтымақтастық жөніндегі келісімі мәдени және өнер саласындағы жетістіктерді насихаттаудың, халыққа қол жетімділігін жүзеге асырудың тиімді құралы болады. 

Өз кезегінде «QAZAQ RADIOLARY» ЖШС Бас директоры Құрманбек Жұмағалиұлы бұл меморандум мәдениет саласының дамуы үшін маңызы зор екендігін айтып өтті. 

«Қазақконцерт» пен «QAZAQ RADIOLARY» ұйымдарының екіжақты ынтымақтастық жобасы тараптардың мәдениет пен өнер саласындағы өзара мүдделі іс-қимылдарын одан әрі жетілдіруге бағытталған.