«Astanafm Mega Silk Way-де» промо-акциясы

Қарашаның 24-ші жұлдызында елордадағы «MEGA Silk Way» СОО-да «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігінің құрамындағы «Аstana» радиосының промо-акциясы өтті. 

Бұл іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары мен өнер майталмандары қатысты. Атап айтсақ, Гүлайым Қайырбаева, Дос, Ринат Мальцагов, Jordan Arakelyan, Jansax, Айнур Абдиева, Абдул Керім жəне Рахат лукум, Өрлеу, Тобрис, Номад топтары жанды дауыста əн айтып, сауда-ойын-сауық орталығына жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Сондай-ақ, кеш жүргізушілері Назерке Нұртас пен Рулан Сарсенбаевтың қойған сауалдарына дұрыс жауап берген көрермендерге сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.