Қаладағы күнделікті қарбалас көп адамды тез қажытады. Мұндайда олар сергек болудың ең оңай әрі қолжетімді әдісі энергетикалық сусын ішу деп біледі. Шын мәнісінде, осы бір сусындар қуатыңызды арттырып, күш бере ме? Пайдасы мен зияны қандай?
Шөліңді басып, қуатыңа қуат қосатын сусынның жарнамасы қазір жер жарады. Ал дүкен сөрелерінде сусынның сан түрі саудаланып жатыр. Жарнамаға алданған бұндай сусындарға қызығушылық көп.
Негізінен, Red Bull, Dizzy, Gorilla, GGG сияқты т.б сусындардың 1 құтысын ішсеңіз шаршағаныңыз кеткендей көрінгенмен, ұйқы қысу процесі басылады. Бірақ, энергетикалық сусындардың зиян екендігін естісекте, нақты қандай дертке шалдықтыратынын біле білмейміз. Энергетикалық сусындардың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін әлсіретеді. Оның әсері 3-5 сағат сақталады, бұдан кейін ағзаға демалыс қажет. Сонымен қатар, кофеинге адам тез әуестенеді .Және де жүрек аурулары бар, гипо немесе гипертониямен ауыратын адамдарға энергетикалық сусындарды тұтыну құпталмайды.
Адам өліміне әкеліп соқтырған алғашқы дерегі 2009 жылдың қазан айында тіркелді. Пенза қаласының студенті осы сусындарды шектен тыс пайдаланғанның кесірінен көз жұмды. Міне, содан да болар, Франция мен Германия елдерінде бұл сусындарды өндіруге мүлде тыйым салған. Ал қазір елімізде мұндай энергетикалық сусындарды оқу орындарында, қоғамдық жерлерде ғана сатуға тыйым салынған.