Алдиярға көмек қажет

Қазақ радиосының «Мың алғыс» хабарына Көкшетаудан Шолпан Қожахметова көмек сұрап келді.

Шолпанның 14 жасар ұлы Алдиярға 2017 жылдың 20 қыркүйегінде остеосаркома, яғни, сүйектің қатерлі ісігі деген диагноз қойылады. Ауру асқынып бара жатқан соң олар Германияға аттанып, 1 жыл бойы сол елде ем қабылдады. Алайда, ісік өршіп кететін болғандықтан дәрігерлер баланың аяғын сақтап қала алмады.  


Қазіргі таңда сол жақ сүйектегі қатерлі ісік өкпеге көшкен. Бүгінге дейін 19 рет химиотерапия алды. Алдиярға 5 желтоқсанда Германияға барып, емін жалғастыру қажет. Алдағы уақытта 2 операция, 4 биотерапия, 4 химиотерапия жоспарланып отыр. Барлығының құны 160 мың еуро, яғни, 67 533 754,17 миллион теңге.

Әрине, бұл қаржыны қарапайым тіршілік кешіп отырған отбасына табу оңай емес. Анасы Алдиярдың денсаулығына байланысты үйде отыр. Жарының табысы күнделікті балалардың ішіп-жемі, киім-кешек, дәрі-дәрмегінен артылмайтыны түсінікті. Үш баланың анасы кімнен, қалай көмек сұрарын білмей Қазақ радиосына келген жайы бар.

Игіліктің ерте-кеші, үлкен-кішісі болмайды. Теңге тиыннан құралады. Сондықтан Алдиярға қолұшын созғысы келетін қайырымды жандарға төмендегі есепшотты ұсынамыз. 

Алдиярдың әкесі Ардақ Қожахметовтың атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 5169 4931 7994 6069

Halyk bank: 4390 8782 5677 7615

ЖСН: 7103 0830 2158

QIWI: 8 777 544 02 75


Толық ақпарат аудионұсқада.