Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихына тереңірек үңілу керек

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы халқымыздың тарихи танымына жаңа бір леп әкелді. Ол ұлттық сананы жаңғыртудың негізіне айналады. 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мақалаға қатысты осылай деп пікір білдірді.

«Бүгінгі қоғамда қазақтың тарихы XV ғасырдан басталады деген түсінік қалыптасып кетті. Шын мәнінде қазақтың тарихы сонау сақтар мен ғұндар өмір сүрген дәуірден бастау алады. Сондықтан ұлт тарихы туралы айтқанда бірнеше мыңжылдықты қамтуға тиіспіз»,- дейді Мәулен Әшімбаев.