iPhone X-те проблема барын Apple компаниясы ескертеді

iPhone X-те проблема барын Apple компаниясы ескертеді

Apple компаниясы ресми веб-сайтында тұтынушыларды жаңа iPhone X смартфонының сенсорлы экранында проблемалар (мәселелер) болуы мүмкін деп ескертті.

Apple компаниясы дисплейдің толықтай немесе бір бөлігі жұмыс істемеуі мүмкін екенін айта кетті. Әрине, сәтсіздік құрылғылардың аз ғана пайызына әсер етуі мүмкін, дегенмен, оларды анықтау оңай.

Егер, тұтынушылар смартфондарынан айтылған ақауларды тапса, компания жеткізушілері дисплей модулін ауыстырып береді. Немесе тұтынушылар телефонды қайтарып, ақшаларын да ала алады.