Көгентүп, жиенқұйрық

Алыс жолға шыққан кезде ата-анасымен бірге еріп келген кішкентай балаларға бұзау, құлын, қозы-лақ атайды. Бұл – көгентүп беру. Атаған көгентүбін кейін бермей кету – өнегесіздік, дүниеқоңыздық саналған.

Жиенқұйрық – жиенге жасалатын жоралғы. Жиен алғаш нағашы жұртына келгенде бәсіре алады. Халық дәстүрі бойынша, жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни Жиенқұйрық алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай, үш рет сұрағанын беруге міндетті. Қалағанын бермесе, ол жиендік жасап, басқа жолмен алуға ерікті.

Қазақстанның кейбір аймақтары Жиенқұйрықты “жиеннің қырық серкеші”, “қырық шұбар тай” деп те атайды. Жиен бәсіресі — 40 серкешті нағашылар жағы алғаш төркіндеп барған жас жұбайлар мен сәбиге кәдеретінде айдатып жіберетін болған.


Сурет ravishanker.info сайтынан алынды.