«Алтын дауыс» байқауының екінші кезеңіне жолдама алғандар анықталды

«QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс» дикторлар байқауының алғашқы кезеңі аяқталып, қатысушының көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударған көркемдік кеңестің шешімімен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 446 қатысушының арасынан төмендегі 15-і екінші кезеңге жолдама алды:

1. Қайырғалиев Ақниет Жайылбайұлы

2. Нұрлан Хасиханұлы

3. Базарбаев Ілияс Ермекұлы

4. Кенжетаев Айбар Мұратұлы

5. Манай Ғылымқал

6. Мұхтар Қайсар

7. Тайыр Тоқан Нұриденұлы

8. Дарын Олжабай Көкентайұлы

9. Төке Ерназар Ерғалымұлы

10. Қуашбаева Ақмейірім Азаматқызы

11. Серікқазыева Гүлдана Айдарқызы

12. Ержанова Әйгерім Жылқыбайқызы

13. Жұманова Айнұр Әлібекқызы

14. Хехнай Ақмарал

15. Жорабаева Кенжегүл Ілиясқызы

Іріктеліп алынған 15 үміткер үшін «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігі 10-14 желтоқсан аралығында арнайы шеберлік сабақтарын ұйымдастырады. Сабақ барысында үміткерлер Қазақ радиосының ардагер дикторларының дауыс қою дәрістеріне қатысып, дауыстың техникалық әдістемелерін жетік меңгеру, дауыс мүмкіндіктерін дамыту, дикторлық дыбысты қалыптастыру техникаларын үйренеді. Шеберлік сабақтары бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер «Алтын дауыс» байқауының ақтық кезеңіне өтеді (Ақтық кезеңге қанша адам өтетіні әзірге құпия).

Шеберлік сабақтары өтетін орын: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі 4, «Қазмедиа орталығы».

Сайыстың екінші кезеңіне өткен үміткерлер 8/7172/ 757312 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.