«Fashion Night Astana»

Өткен аптада елорда тұрғындары мен қала қонақтары сән әлеміне сапар шекті.

«Fashion Night Astana» – бұл дизайнерлердің өз өнімдерін сатып алушыларға таныстыруға мүмкіндік беретін сән көрсетілімінің жаңа форматы. Бұл кеште Aelita, Malli, Samidel, Alima, I’m different, Dana Dyusembayeva, The ICE collection, Saukele және Zh.Saken сынды қазақстандық брэндтер өз туындыларын ел назарына ұсынды. Сән көрсетілімі The Ritz Carlton Astana қонақүйінде өтті.

Елорда тұрғындарының талғамы қандай, неліктен отандық дизайнерлердің өнімін арзан деуге келмейді, сондай-ақ, сән көрсетілімдерін ұйымдастыру қанша қаражатты қажет етеді деген сауалдарға шара ұйымдастырушысы, Alzo брендінің, Mot Contemporary Store, Pop Up Shop Astana дүкенінің негізін салушы Айман Альзакова жауап берді.

Сұхбаттасқан «Қазақ радиолары» серіктестігі жаңалықтар қызметінің журналисі Дана Абитали.