Д.Абаев: Интернеттің дамуы дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиа байланысын нығайтты

Бүгін елордадағы «Hilton Garden» қонақ үйінде медиасарапшылар, журналистер мен блогерлерді біріктірген бірегей алаң «Qazforum-2018» қазақ интернетінде контент жасаушылардың ІІІ форумы басталды.


Жобаға қатысушы мекемелер үшін аталмыш форум – көптеген қатысушылармен (танымал қазақстандық веб-сайттар мен медиа-бизнес өкілдері мен қолданушылары, мемлекеттік билік органдарының профильді өкілдері, БАҚ өкілдері және т.б.) бір мезетте өзара әрекеттесудің ерекше форматы.


Қазақ сайттары редакторларының форумы қазақтілді веб-сайттардың дамуына қатысты сұрақтар, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен қазақстандық компаниялардың алдында тұрған медиа саланың заманауи жаңалығы талданатын тиімді дискуссия алаңы болып табылады. 

Форумның ашылуында сөз алған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Бұл форум дәстүрге, тамаша үрдіске айналып келе жатыр. Себебі, қазақ интернет-журналистикасының дамуы, сапалы контент жасау, жалпы қазақтілді ресурстардың техникалық және көркемдік жұмыстары сияқты көптеген мәселелерді осы алаңда бірігіп қарастыру өте маңызды. Өйткені интернеттің қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір бағытқа тоғыстырып, дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың байланысын нығайтты»,-деді. 

Толық ақпарат аудионұсқада.