Арулар қайырымдылық жасады

«Астана аруы» және «Қазақстан аруы» байқауында ақтық сайысқа жолдама алған бұрымды қыздар қайырымдылық жасауды да дәстүрге айналдырған. 

Қайырымыдық шарасы аясында «Астана аруы» байқауына қатысушылар «Шарапат» медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі қарттарға жомарттық танытты.  

Одан кейін арулар Астана қаласындағы арнайы түзету мектеп-интернатын бетке алды. Мұндағы тәрбиеленушілерімен танысқан олар түрлі музыка тыңдап, бірге би биледі. Сыйлықтарын табыс етті. Ал балалар болса өздерінің өнердегі қабілетін паш етіп, ән айтып, күй күмбірлетті. Қолдан жасаған бұйымдарын көрсетті. 


«Астана аруы» байқауының финалға шыққан ең жас арулары Карина Қожағұлова мен Жанель Ташеваға балалардың өз тартулары бар екен. Жүздесу барысында бойжеткендер балаларға және  мекеме басшылығына өз ризашылықтарын білдірді. 


«Астана аруы 2018» байқауының ақтық сайысы желтоқсанның 12-і күні өтеді. Nomad City Hall сахнасында үміткерлер Астананың ең ажарлы аруы деген атақ үшін бақ сынасады. Салтанат шараны Бүркіт, Динара Сәтжан және Нұрсұлтан Құрман жүргізетін болады.

Байқаудың өткізілу уақыты мен орны: 2018 жылғы 12 желтоқсан, сағат 19:30, Астана қаласы, NOMAD CITY HALL, ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағы.