Жаңа заң жобасы бойынша жұмыс жасалып жатыр

Шалқар радиосындағы «Таңжарық» бағдарламасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Айман Тельманқызы Дүйсембаева қонақта болды.

«Елбасы биылғы жолдауында білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді айтып, педагог дәрежесін көтеру туралы заң қабылдау қажет деп мәлімдеген еді. Бұл заң мұғалімдердің жүктемесін азайтып, міндеттен тыс функциялардан арылтуды көздейді. Аталған тапсырма бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы жұмыс тобы өнімді жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Оның құрамында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары әдіскерлер, мемлекеттік орган өкілдері, мектеп директорлары мен ұстаздар бар. «Білімді ел» газетінде, министрлік сайтында ұсыныстарға арналған арнайы рубрикалар ашылып, сондай-ақ, облыс орталықтарына хат жолдау арқылы ұстаздардың, ата-аналардың ой-пікірілерін жинақтап жатырмыз»,-деді студия мейманы.

Хабардың аудионұсқасынан сұхбатты толық тыңдай аласыз.