«Ұлытау» тобы құрамына әнші іздейді

Шалқар радиосындағы «Таңжарық» бағдарламасында «Ұлытау» тобы қонақта болып, сұхбат берді. 

«Халыққа танылған «Ұлытау» тобының құрамы бүгінде көп өзгеріске ұшырады. Мәселен, «Ұлытау» құрылғалы топ мүшесі болған Ержан Әлімбетов сынды азаматтар жеке шығармашылыққа қарай бет бұрды. Жаңа өнерпаздар келді. Жалпы алғанда жаңалық көп. Атап айтсақ, «Ұлытау» тобының 20 жылдығына орай үлкен концерт беру жоспарда бар. Сол бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Тағы бір маңызды жаңалығымыз ол біздің топқа әнші іздейтіндігіміз. Топ құрылымы бірнеше музыкалық бағытты қатар меңгергені бәріне аян. Шетелде рок жанрын ұнататын болса, бізде әнге көп мән береді. Сол себепті, қатарымызға жаңа әнші керек»,- деді топ мүшесі Рүстем Баекеев.

Хабардың аудиожазбасынан сұхбаттың толық нұсқасын тыңдай аласыз.