Жылдың қорытындысы – «Алтын домбыра»

Шалқар радиосындағы «Құтты қонақ» хабарында айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров қонақ болды. 

Биыл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында, белгілі бір аудандардың мерейтойы аясында оншақты ірі айтыс ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, биылғы жылды айтыс үшін олжалы деп айтуға толық негіз бар. Себебі, тұрақты түрде өткізілетін айтыстардың саны артты. Ал, биылғы жылдың қорытынды айтысы «Алтын домбыра» 16-17 желтоқсан күндері Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді деген жоспар бар. Дүбірлі додаға биыл өткен үлкен айтыстардың бас жүлде және бірінші орын иегерлері – аузымен құс тістеген үздік 20 ақын қатысады. Атап айтсақ, Айбек Қалиев, Тілеген Әділов, Төлеген Жаманов, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртайұлы, Мақсат Ақанов, Әсем Ережеқызы, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мейірбек Сұлтанхан сынды айтыскерлер өзара мықтыны анықтайды. Бас жүлде иегеріне 5 миллион теңге беріледі, одан бөлек «Айтыс ақтаңгері» деген арнайы жүлде де қарастырылған.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Сурет Maturidi.kz сайтынан алынды.