11 айлық сәбиге шұғыл көмек керек

Астана қаласының тұрғыны Айгүл Мұратова үш баланың анасы. Ол Қазақ радиосына кіші ұлы Мұратов Әбдірахман Әбілхайырұлына көмек сұрап келді.

Айгүлдің ұлы Әбдірахманға гемимегалоэнцефалия және эпилепсия диагнозы қойылған. 11 айлық баланы еліміздегі емдеу орталықтарының бәріне қаратты. Десе де, анасы қол қусырып отырмай, ұлының ертеңі үшін жан-жақты зерттеу жасап, Мәскеу қаласында операция жасатуға шешім қабылдайды. Операция құны 2 585 000 теңге, жол шығыны тағы бар. Дәрігерлер операцияны желтоқсан айының 13-іне жоспарлап отыр. Айгүлдің қолында қазір 2 100 000 теңге бар. Оны ағайын-туыс пен Павлодар қаласының ерікті жастары жинап берген.

Енді баласына ем іздеген анаға ұшақ билетін қоса есептегенде 685 мың теңгедей қаражат керек. Ал операция жасататын күн таяп қалды. Ұлының денсаулығына алаңдаған Айгүл қалған қаржыны қайдан, қалай табарын білмей алаңдаулы. Бұл отбасына көмек қолын созғысы келетін жомарт жандарға төмендегі есепшотты ұсынамыз:

Әбдірахманның анасы Айгүл Мұратованың атына ашылған есепшот:

KASPI GOLD: 5169 4931 3851 5948 

ЖСН: 9612 2145 0313

QIWI: 8775 094 33 96

Әбдірахманның әкесінің атына ашылған есепшот:

HALYK BANK: 5354 5100 6048 0562

ЖСН: 9401 3035 0683


Толық ақпарат Қазақ радиосының «Мың алғыс» хабарының аудионұсқасында