Балаңызға аяқ киім таңдағанда нені білу керек?

Аяқ киімдердің ішінде қыстық үлгілердің алатын орны ерекше. Себебі, қақаған қыста бүлдіршіндердің аяқтары тоңып қалмауы керек. Көбіне ата-аналар балаларын дүкенге апармай, көз мөлшерімен сатып алуды әдетке айналдырған. Бұл мүлде дұрыс емес. Ал мамандардың пікіріне сүйенсек, баланың аяғы 20 жасқа дейін өседі екен. 

Қонышы қысқа немесе ұзын аяқ киімдердің сыртқы әдемілігіне қарамаңыз. Бастысы, жылуы маңызды. Бағасына қарап, арзан киімдерді таңдамаған абзал. Егер, таза теріден тігілген аяқ киімдерге қалта көтермей жатса, матадан жасалынғанын алған жөн.

Аяқ киімді таңдау барысында, балаңыздың өлшеміне қарай тым тар немесе үлкенін алмаңыз. Егер, ол үлкен болса, бірнеше қабат шұлықпен не ұлтарақпен кигенмен еш пайда болмайды. Ал тар болса, бүлдіршіндердің бақайлары қимылсыз қалып тоңып қалады.

Денсаулығыңыз да, сәнді көрінуі де, таңдаған аяқ киіміне байланысты екенін ұмытпайық!