Лимонның денсаулыққа пайдасы

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бізге белгілі. Күн сайын аш қарынға 1 ст таза су ішу керектігін мамандар үнемі айтып келеді. Сондай-ақ, суға лимон тілімдерін қосып ішкен дұрыс екені дәлелденген. Лимон тілімдері қосылған суды «денсаулық сусыны» - деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, ұмытшақтық пен қан аздық сияқты сырқаттардан арылуға көмектеседі.

Жүрегіңіз айныса

Жүрегіңіз айнып, майлы тамақ жегеннен кейін құсқыңыз келсе, жарты лимонның шырыны мен жарты шай қасық ас содасын араластырып ішсеңіз, ауруыңыз бірден басылады.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені жүрек және жүйке жүйесін жақсартады. Қан қысымын қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді. Тырнақ пен шаштың өсуіне әсерін тигізеді. Сондай-ақ, артық салмақтан арылтады. Ол үшін күнделікті 1 ст лимон қосылған суды 3 мәрте қабылдау керек. Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек аурулардың алдын алып, ағзаны зиянды қалдықтардан тазартады. 

Егер сіз тістеріңіз ақ әрі мықты болсын десеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Сонымен қатар, бұл сусынның құрамында терідегі дақтарды кетіріп, безеу мен әжімнің түсуіне жол бермейді. Күнделікті таңнан кешке дейін лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Күйзеліс пен көңілсіздіктен арылтады. Бұл шырын жаздың аптап ыстық күндері шөлді, қыстыгүні жанға жылулық пен күш сыйлайды.