Дауысы дәуірімен ұласқан тұлға

Ғабиден Мұстафиннің жазушылық шеберлігі, ұлттық сөз өнеріндегі өзіндік орыны ешкімге талас тудырмас. Ол – барша қазақ мойындаған тіл шебері. Аз сөзге көп мағана ұйыта білген қаламгер.

Жалпы, жазушының ізденісі мен өмір жолы өз шығармаларында сайрап жатады. Ғабиден Мұстафин мұрасы – осынау қағиданың айғағы. «Қарағанды» романын жазу үшін үш жыл шахтыда жұмыс істеуі қаламгердің әдебиетке деген адалдығын танытса керек.

Қазақ радиосының эфиріне шыққан «Дәуір үні» хабарында Ғабиден Мұстафиннің 1970 жылы үнтаспаға жазылып алынған сыр-сұхбаты беріліп отыр.