И.Медешова: Тарихын білетін, бағалайтын елдің болашағы зор

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шынында да «Рухани жаңғырудың» заңды жалғасы. Мемлекет басшысының мақаласын оқып шыққан тарихшы ғалымдар ерекше қуануда. Себебі тарих ғылымның тынысы ашыла түспек. Мақалада қазақ даласындағы өркениет бастаулары жайлы кеңінен айтылған. 

Қазақ гуманитарлық-заң университеті Мұражайының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Изатхан Белғожақызы Медешованың айтуынша, жастарға төл тарихты қаз-қалпында бере алсақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы болмақ. Себебі, бұл біздің ұлттық құндылығымыз.

Изатхан Медешованың толық пікірі аудионұсқада.

Сурет obk.kz сайтынан алынды.