Дикторлар радиоақпарат тақырыбында дәріс тыңдады

«QAZAQ RADIOLARY» ЖШС Жаңалықтар қызметінің жетекшісі, жаңалықтар жүргізушісі Ақерке Нұрмұхамед «Алтын дауыс» байқауының екінші кезеңіне өткен 15 үміткерге «Радиоақпарат» тақырыбында дәріс оқыды. 

«Ұлттың үнжариясы ұйымдастырған байқауда бақ сынап, жүзден жүйрік шыққан үміткерлердің елге пайдалы азамат болсам, жаңа нәрсені білсем деген ілімге құштарлықтары көңілден шықты. Үміткерлерге белгілі ғалымдар жазған ғылыми еңбектер негізінде ақпараттық жанр, радиоақпараттың жанрлық ерекшеліктері, жаңалық жазу қағидалары, лид, топтаманы жинау, ақпаратқа қойылатын талаптар туралы туралы қысқаша түсінік берілді. Артикуляциялық жаттығулар, фактчекинг бойынша да шолу жасалды. Радиомыздың және жаңалықтардың тарихы жөнінде де мағлұматтар айтылды. Қатысушыларға алдағы кезеңдерде сәттілік тілеймін» ,- деді Ақерке Нұрмұхамед.