Ләйлә Сапароваға іздеу саламыз!

Мен анамды іздеймін. 

Мен Насиба Жолдыбайқызы анам – Ләйлә Сапарованы іздеймін. Ол Өзбекстанда 1964 немесе 1965 дүниеге келген. Анамды туғалы көрмегенмін, тауып, табысқым келеді. Білуімше, ол Өзбекстанда тұрады.

Аталған кісі туралы ақпарат білетіндер болса, 8 707 53 55 383 нөміріне хабарласыңыздар.

«Бармысың, бауырым?» хабары әр сейсенбі 15:35-те Қазақ радиосының әуе толқынында тікелей эфирде өтеді. Бағдарлама қонағы боламын дейтін тыңдаушы болса, Қазақ радиосының студиясы әрдайым ашық!

Әр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын!

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!