Абылайхан Орманбек: Шертпе күй табиғатыма жақын

Сан ғасырлық саралану мен сұрыптаудан өткен күйшілік өнер әр өңір күйшілерінің орындау мәнеріне орай (аймақтық күй ұяларына байланысты) дамыды. Қазақ күйлері өзінің құрылыс тәсіліне, орындаушылық дәстүрін қағыс түріне қарай, негізінен, төкпе, шертпе деп екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкалық бейнет жағынан бағдарламалы симфониялық сипатта шығарылатын күйлер болса, ал екіншісі – терең философиялық, ой-сырға толы, шертпе күйлер.

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасына сұхбат берген «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің домбырашысы Абылайхан Берікұлы Орманбек күй мектептері жайлы былай деді: 

«Домбырашыға барлық күйшілік мектепті тұтасымен меңгеріп алу қиынға соғады. Дегенмен әр домбырашының туған жеріне, өскен ортасына байланысты жанына жақын мектебі болады. Өзім Қарағанды өңірінде дүниеге келгендіктен әрі шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаевтың шәкірті болғандықтан Қаратау күйшілілік мектебін, Арқа, шығыс шертпе күй мектебін жаныма жақын тартамын. Бірақ ЖОО-да арнайы музыкалық білім алғандықтан барлық күйшілік мектепті меңгердік»

Толық ақпарат бағдарлама мұрағатында.