Сейітжан Мүбәрәкұлы Жұбашевқа іздеу саламыз!

Сейітжан Мүбәрәкұлы 1972 жылы 3 мамырда ШҚО Зыряновс қаласында дүниеге келген. 

Інім Сейітжанға іздеу саламын. Ол 2016 жылы қыркүйекте Өскеменнен Алматыға жұмыс істеймін деп кеткеннен оралмады. Осы күнге дейін ешқандай хат-хабар жоқ. Бүгінде Алматыда жүр деп ойлаймын...»,-дейді хат иесі Светжан Мүбәрәкқызы.

Сейітжан Мүбәрәкұлы туралы ақпарат білетіндер болса, 8 707 53 55 383 нөміріне хабарласыңыздар.

«Бармысың, бауырым?» хабары әр сейсенбі 15:35-те Қазақ радиосының әуе толқынында тікелей эфирде өтеді. Бағдарлама қонағы боламын дейтін тыңдаушы болса, Қазақ радиосының студиясы әрдайым ашық!

Әр шаңырақта Қазақ радиосы қосулы болсын!

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!