Жастар неге шетелде оқуға құмар?

Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық. Елімізде білім алам деген адамға барлық шарт-жағдай бар. Тіпті әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандықтар қаншама?! 

Әлбетте, жастардың шетелде білім алып, өзге мемлекетте тәжірибе жинақтағаны құптарлық жағдай. Бірақ жастар неге шет мемлекетте оқуға құмар? Қазақстандықтардың шетелде білім алуы елімізге қаншалықты қажет? Білім туризмі дұрыс бағытта ма? Осы және өзгеде сұрақтарға Халықарлық алмасу орталығының директоры Мақсұтбек Аймағамбетов Қазақ радиосы мен «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы бірлескен жоба – «СапарLike» бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

«Жастардың білімге деген сұранысы, көзқарасы әртүрлі. Сондықтан қай елде білім алғысы келеді – ол бала мен ата-ананың өз таңдауы. Тек, алған білімін өзінің қажетіне, елінің мүддесіне дұрыс пайдалана болғаны. Білім де бір алмасу деп ойлаймын. Шетелдіктер бізден мұнай, газ сатып алғаны сияқты біздің де кейбір жастар шетелден қалаған білімін сатып ала алады. Бұл дамыған басқа елдердің де тәжірибесінде бар жағдай. Ресей, Түркия, Малайзия елдерін алып қарасақ, олардың шетелде білім алып жүрген жастары бізден көп. Бұдан қорқатын дәнеңе жоқ»,- деді Мақсұтбек Аймағамбетов. 

Толдық ақпарат «СапарLike» хабарының аудионұсқасында.

«СапарLike» бағдарламасы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі. 


Сурет turkystan.kz сайтынан алынды.