Ең мəнді мереке - Тәуелсіздік күні

Түркиядағы Мимар Синан атындағы көркем өнер университетінің профессоры Əбдуақап Қара атамекендегі бауырларын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Аса құрметті, атамекендегі бауырлар, сіздерді қазақ елінің ең үлкен һəм ең мəнді мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл күн үшін батыр бабаларымыз ғасырлар бойы барын беріп келді, бұл күн Алаш арыстарының  аңсаған арманына айналды. Сондықтан да, бұл - ұлы мейрам! Тəуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы мол бақытқа ие. Мерейлі мерекеміз берекелі, тəуелсіздігіміз баянды болсын!»- деді профессор.