Күй тағдыры, күй тарихы хақында

Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығы, жансерігі, сырласы.

Жазушы, публицист, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек бір әңгімесінде: «Домбыра ұстағаны қайсы, көсеу ұстағаны қайсы екенін ажырату қиын мына заманда, қазақ күй өнерін қадірлеуді қойыпты. Оның да жаны бар шығар. Өйткені, біз сөзі мен әуені үндеспейтін алдамшы әуездердің жетегінде кетіп, ұлы дала сазынан ажырап қалғандаймыз. Қазір күйді жік-жікке бөліп, қадырын қашырып жүргендер көп»,- деген екен.

Мемлекет және қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің күй құдреті, тағдыры, тарихы жайлы сұхбаты «Дала фольклорының антолаогиясы» хабарында берілді. Сұхбат Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынған.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Дала фольклорының антолаогиясы» хабары сәрсенбі күні сағат 10:00-де «Шалқар» радиосы, жексенбі күні сағат 15:15-те Қазақ радиосының эфиріне шығады.