«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға

Қыз Жібек – лиро-эпостық дастан. Бұл аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкері Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар. Жалпы Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

«Қыз Жібек» жыры шамамен он жетінші ғасырда жазылған. Мұны орыстың этнограф-ғалымы Александров тұңғыш рет Мұсабай ақыннан жазып алған көрінеді. Кейін оны орысшаға қара сөзбен аударыпты. 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фариолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Бүгінде Қазақстан Республикасының Орталық кітапхана қорында жырдың бірнеше нұсқасы сақталған.

«Дала фольклорының антолаогиясы» хабарында «Қыз Жібек» жырынан үзінділер берілді. Бұл Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

«Дала фольклорының антолаогиясы» хабары сәрсенбі күні сағат 15:00-де «Шалқар» радиосы, жексенбі күні сағат 10:15-те Қазақ радиосының эфиріне шығады.