Гүлдер адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі

Өсімдіктер көп өсірілген жерде оңай тыныс алуға болады. Олар өз бойынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Айналаңызда әдемі өсімдіктер көп болса, көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі, қазтабан гүлі ауаны формальдегидтен тазартады. Ал, бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді.

Алуан гүлдер жайлы осындай қызықты әрі танымдық ақпараттар Қазақ радиосындағы «Гүлдесте» бағдарламасында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.