«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығады

Бүгіннен бастап «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» cеріктестігінің бірнеше бағдарламасы YouTube және Facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфирге шығады.

Алғашқы бейне-эфирді Қазақ радиосы және «Шалқар» радиосының директорлары жүргізеді.

Нақты айтқанда, сағат 12:00-де «Шалқар» радиосында «Құтты қонақ» бағдарламасы басталады. Жүргізушісі – Қалқаман Сарин. Студия қонағы – Астана қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай. 

Ал Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабары сағат 14:30-да эфирге жол тартады. Хабарға тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, археолог Ақан Оңғарұлы мен археолог, этнолог Ұлан Үмітқали қатысады. Алғашқы шығарылымды жүргізетін – Серік Әбдуәлі мен бағдарламаның тұрақты жүргізушісі Ғалия Есқұлова.

«Астана» радиосының да өз ұсынары бар. Ол – Махаббат Есеннің «Минута счастья» хабары. Студия қонағы – блогер, журналист Әлия Исенова. Эфир уақыты кешкі 20:00-де.

Бұдан былай «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» таңдамалы хабарларын тек тыңдап қана қоймай, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көре аласыздар. "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫН" тыңдай жүріңіздер, ардақты ағайын! 


https://www.facebook.com/qazaqradiosy

https://www.facebook.com/shalqarfm

https://www.youtube.com/channel/UCt3hGpEbA3jZ2OyMESzZtIA

https://www.facebook.com/astfm