Қазақ даласы – жылқының отаны

Жылқыны алғаш қолға үйретудің әлемдегі ең басты орталығы- Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысы.

Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Horse» атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі Азияда қолға үйретілгенін меңзеген. Ағылшын зерттеушісінің бұл пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелденді.

Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабарында жылқыны қолға үйретудің қыр-сыры мен оны баптауда бабаларымыздың жеткен жетістіктері жайында әңгіме өрбіді. Студия қонағы – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, археолог Ақан Оңғарұлы мен археолог, этнолог Ұлан Үмітқали.

Толық ақпарат аудионұсқада.