Ерзат Мейірбекұлы: Деректі фильмге мықты идея керек

Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытта көптеген қандасымыз өзінің тарихи отанына оралды. Қазір олар әр салада табысты еңбек етуде. Солардың бірі бірнеше деректі фильмнің авторы – Ерзат Мейірбекұлы. Бүгін ол «Алыстағы ағайын» хабарына қатысып, өзінің алдағы жоспарымен бөлісті. 

Ерзат Қытайдың маңдайалды оқу орындарының бірі - Қытай Ұлттық ақпараттық-технологиялық университетінің түлегі. Жапония еліндегі бір компания оны жұмысқа шақырған. Жалақысы да жоғары болатын. Алайда, қандасымыз тарихи отанына оралып, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуды жөн көрді.

Хабар барысында Ерзат Мейірбекұлы біздің телевизиялық контентте, әсіресе, деректі фильм саласында қарапайым адамдардың құндылығы туралы фильмдер жетіспейтінін тілге тиек етті.

Толық ақпарат аудионұсқада.


Хабар редакторы: Ербол Алшынбай