Қырыққабаттың пайдасы

Әлемде қырыққабаттың 35-ке жуық түрі кездеседі. Ең көп таралған, ас мәзіріне жиі қолданылатын 8 түрі бар. Олар: кәдімгі, савой, түсті кольраби, қытай, жапырақты, брюссель және пекин қырыққабаты.

Қазақ радиосының «Керек дерек» хабарының кезекті санында көптеген дертке шипа болатын қырыққабаттың пайдасы жайлы айтылды.

Тағамдық өсімдіктер арасында қырыққабаттың өзіндік орны бар өсімдік. Оны көне заманның адамдары біліп, қолдан өсіріп пайдаланған. Қырыққабатты тек тағам ғана емес, дәрі ретінде қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Ол туралы ерте заманның білгір математик, философы Пифагордың айтуынша, қырыққабат көкөністердің өкілі ретінде үнемі сергектік сыйлайтын, тыныштық пен көңілділік ауанын көтеретін өсімдік.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Сурет Дачушка.ру сайтынан алынды.