«Тұғыр» бағдарламасы эфирге жол тартты

Егер жастарға қолдау болса, «Ұлттық бренд» қалыптастыруға білім, қабілетіміз жеткілікті.

Бүгіннен бастап «Шалқар» радиосынан тыңдаушыларға жол тартқан «Тұғыр» бағдарламасының алғашқы қонағы –Дастан Әбдірашитұлы Ермағамбет. Ол көптеген инновациялық жобалардың авторы. Ақылды үй, үйдегі түрлі жағдайларды, баланың жүріс-тұрысын қадағалап отыруға және үкіметтің балабақшаларды бақылауына арналған сан түрлі құрылғы құрастырған. Өнертапқыштың жасаған дүниелерінің көбі бүгінде қолданысқа ене бастады.


Дастан: «Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына да қосар үлесім бар. Бірнеше жаңа жоба дайындап жатырмын» ,- дейді. Іске сәт дейміз! Ел ертеңіне тер төгетін жасампаз жастардың қатары арта берсін.

Толық ақпарат бағдарлама мұрағатында.

«Тұғыр» бағдарламасы әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:00-де «Шалқар» радиосынан беріледі.

Хабар редакторы Нәзір Сүлеймен.