Кептірілген гүлдің кері әсері бар ма?

Гүлдер өміріңіздің алға басуына септігін тигізіп, әр істе белсенділік танытуыңызға көмектеседі.

Ұйқыңыз дұрыс болсын десеңіз, оларды жатын бөлмеге қоймағаныңыз жөн. Тек, сүйіктіңіз сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер жаныңызға жақын адамның сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруға, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз. Уақыты келгенде лақтырып тастауды да   ұмытпаңыз.

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар –солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.

Алуан гүлдер жайлы осындай қызықты әрі танымдық ақпараттар Қазақ радиосындағы «Гүлдесте» бағдарламасында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.