Заманауи технологиялар экология мәселесін шешеді

Мұсағали Дуамбеков: Бабаларымыздың қандай батыр болғанын білу – жастарға талап. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бізге өткеніміз бен бүгінгімізді саралап, ертеңіміз бен болашағымызды айқындауға жол ашатыны сөзсіз. Мақаланың басты идеясы – өз тарихына деген батыстық көзқарастан арылу.

Париждік келісімдегі мемлекеттер 2020 жылға дейін еліндегі экологиялық мәселелерді шешуі керек. Осы орайда «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» де әлемдік талаптарға сай емес екендігін айта кеткен жөн. Мұсағали Дуамбеков 2001 жылы Кодекстің редакциясына қатысты. Содан бері мемлекетіміз үшін маңызды мәселелердің бірін зерттеп келеді.

Мұсағали Дуамбековтың пікірінше, заманауи елдердің қатырына қосылу үшін мемлекет өзінің экологиялық талаптарын жақсартуға міндетті. Бұл, әсіресе Астана қаласында өзекті. Себебі, қысы ұзақ болғандықтан көмірді газға ауыстыру бүгінгі күні зор маңызға ие .

«Қазіргі уақытта күн сәулесін пайдалану, жел энергиясын қолдану сияқты баламалы технологиялар дамып келеді. Болашақта соған көшу арқылы тұтас мемлекеттің жағдайын жақсартуға болады»,- деді Мұсағали Дуамбеков «Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» хабарына берген сұхбатында.

Толық ақпарат аудионұсқада.