Ұлттық спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай «Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында қонақта болып, Қауымдастықтың алдағы жоспарларымен бөлісті.  

Ұлттық спортымыз үшін 2018 жыл жетісіктерге толы болды. Ұлттық спорт түрлерінен халықаралық, аймақтық деңгейде чемпионаттар, соның ішінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы дала рухы» атты республикалық фестиваль өтті.

«2019 жыл – жастар жылы. Осыған байланысты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, ұлттық спорттың 4 түрінен, яғни, аударыспақ, көкпар, жанбы ату, теңге ілуден жастар арасында Азия чемпионатын өткізеді. 2017 жылы ЭКСПО көрмесі аясында көкпардан бірніші әлем чемпионаты өткен болатын. Бұл додада Қазақстан құрамасы чемпион атанды. Осы чемпионатты дәстүрге айналдырып, биыл да жалғастыру ойымыз бар. Бұған әлемдік қауымдастықтың, басқа да елдердің атсалысуы маңызды. Жақында өткен арнайы жиында Өзбекстан көкпардан әлем чепмионатын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл спорт түрінің Орта Азия елдерінде атауы әр түрлі болғанымен, тарихы бір», - деді Рахат Жақсыбай.

Толық ақпарат аудионұсқада.