«Рим тарихы» – Теодор Моммзен

Бірнеше томнан тұратын «Рим тарихы» атты туындыны жазып шығуға неміс тарихшысы Теодор Моммзеннің ондаған жылы кетті. 

Бірнеше томнан тұратын еңбекті жазып шығуға ғалым ондаған жылын сарп етті. Алғашқы бөлімі ежелгі Италия тарихынан басталып, Римнің негізі қаланғанға дейінгі кезеңді қамтиды.

Моммзеннің «Рим тарихы» атты кітабы жарық көргеннен бері 1 ғасырдан астам уақыт өтті. Ғылым үшін бұл зерттеудің әлдеқашан маңыздылығы қалмаған. Неміс тарихшысының еңбегі бүгінде өз құндылығын жоғалтқан деген пікірлер аз емес.

Алайда, бұл кітап өз дәуірінде әлем оқырмандарының зор сұранысы мен қызығушылығын туғызған еді. Моммзеннің кезінде, бұл кітап тек Германияның өзінде 9 рет басылып шықты. 1885-1887 жылдары орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, Ресей мен Ұлыбританияда жарық көрді. Осыдан-ақ «Рим тарихы» еңбегі – өз заманында маңызды зор ғылыми еңбек болып саналғанын анық аңғаруға болады.

Қазақ радиосының «Әлем әдебиеті» хабарының кезекті шығарылымы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Теодор Моммзеннің «Рим тарихы» атты еңбегіне арналды.

Толық ақпарат аудионұсқада.