Үйдің кілтін ұялы телефонға жүктеуге болады

Жыл сайын өтетін Consumer Electronics Show жаңа технологиялар көрмесінде үй кілттерін жиі жоғалтатын адамдар үшін заманауи амал ұсынылды.

KeyHero компаниясының жаңа құрылғысы кілтіңізді арнайы сканерден өткізіп, гаджетіңіздің жадына оның бейнесін жүктейді. Кілт жоғалып кеткен кезде, техник мамандардың көмегіне жүгінбей-ақ, кілтті арнайы қызмет көрсететін дүкендерде телефоныңыздың көмегімен өзіңіз қайта жасатып ала аласыз.

Кілттің кескінін кез келген адамға жіберуге болады, бірақ ол оны қолданғысы келіп, компания қызметкерлерінен кілтті басып шығаруды өтінсе, сол үйдің иесі екенін растайтын ресми құжатын көрсетуі керек.  

KeyHero компаниясы дәстүрлі кілттердің жақын арада жойылмайтынын айтады. 

«Егер электронды құлыптарға қарасаңыз, олардың көбі дәстүрлі кілттерді резервті көшірме ретінде сақтайды. Біз жылына 150 миллион кілтті сканерлеп көшіріп отырамыз. Бұл адамдардың әлі де қарапайым кілттерді көбірек пайдаланатынын көрсетеді», - дейді компаниядағы өнімнің даму істері жөніндегі вице-президенті Майкл Розенблатт.

KeyHero қызметі алдағы уақытта АҚШ-та іске қосылады.


Дереккөз: BBC