«Үлкен жүректі» Тұяқ апа

Қазақ радиосының «Атымтай» хабарында 750 бүлдіршінді бауырына басып, аналық мейірімге бөлеген Тұяқ Қаскенқызы туралы айтылды.  

Адамгершіліктің ақ туын көтеріп, парасат-пайымы биік, қайырымды да мейірімді жандарды халық арасында «үлкен жүректі» дейді.

Әсіресе, қатал тағдырдың тәлкегіне түсіп, жетімдіктің ащы дәмін ерте сезінген бүлдіршіндерге мейірім шапағатын төгіп, жүрек жылуын сыйлай білген жандар қашан да зор құрметке лайық.

Бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, тұла бойы мейірімге тұнған «үлкен жүректі» абзал Ана — Тұяқ Қаскенқызы осыдан 20 жыл бұрын Талғар қаласында «Нұр» отбасылық балалар үйін ашып, осы уақытқа дейін 750 бүлдіршінді бауырына басып, аналық мейірімге бөледі.

Тұяқ апа демеушілердің, мейірімді жандардың бергенімен «барды қанағат етіп», үлкен отбасын айрандай ұйытып отырған ардақты ана.

Толық ақпарат аудионұсқада.