Шетелге шығу үшін 16 жасқа дейінгі балаға да паспорт керек

Қазақ радиосынан берілетін «Заңгер кеңесі» хабарының кезекті шығарылымында 2019 жылғы жаңа заңнамалық өзгерістер жайында айтылды.  

Эфир барысында заңгер, хабар жүргізушісі – Нұра Тынысқызы студияға қоңырау шалған тыңдармандардың сауалына жауап берді.

Қазақстан Республикасының төлқұжат алу туралы заңнамасына сәйкес 2019 жылдан бастап, 16 жасқа дейінгі әр баланың жеке төлқұжаты болуы қажет. Шетелге шығу үшін берілетін құжат (паспорт) халыққа қызмет көрсету орталығында дайындалады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, биыл АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген:

жеке куәлік – 505 теңге;

паспорт – 20 200 теңге;

Тыңдармандардан келіп түскен сұрақтар ішінде зейнетақы көлемінің мөлшері, банктегі несие шарттарының қисыны, денсаулық сақтау кодексі және т.б. мәселелер қамтылды.


Сурет Sputnik Казахстан сайтынан алынды.