Дәуірдің өзі жаратқан өміршең ақын

Қадыр Мырза Әлі біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі.

«Қадыр – найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы - өзіміз сүйіп отырған дәуір мінездес»,- деген екен Мұқағали Мақатаев.  

Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарының кезекті шығарылымынан Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлінің «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар. Бұл 2008-ші жылы үнтаспаға жазылған.

Толық ақпарат аудионұсқада.