Жырау кім, жыршы қайсы?

Қазақ радиосындағы «Термелер мен толғаулар» хабарында республикалық әнші-термешілер байқауының лауреаты, Сыр өңірінің жыраулық өнерін насихаттап жүрген Серікқали Жұбаниязов қонақта болды.  

Серікқали Жұбаниязовтың пікірінше, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, сондай-ақ, әлі де жалғасын тауып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасының да бір мақсаты –ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді алтын қорға жазып алу.

«Жырау - әрі ақын, әрі сазгер. Өз жүрегінен, ойынан жыр-дастан шығарып жазады. Оның үстіне, жырау қоғамға төрелік айтатын би де болған. Бұрынғы Бұхар жырау, Базар жырау билікке де, саясатқа да араласқан, халықтың ішіндегі даудамайды да шешіп отырған. Жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, жерді сақтау жолында қолына қылыш ұстап, қарына найза ілгендері де бар тарихта», - деді жыршы Серікқали Жұбаниязов.

Серікқали Жұбаниязовтың орындауындағы термелермен, әнші сұхбатының толық нұсқасын хабар мұрағатынан тыңдауға болады