Аружанның операциясына 8 миллион керек

Аружанның операциясына 8 миллион керек. Оның бар арманы қоларбадан тұрып, құрбыларымен асыр салып айнау.

Аружан Оразбекова 9 жаста. Бір жасынан бері сүйегі сына беретін. Ол бұл дерттен жазылды. Бірақ, бірнеше жыл бойы тоқтаусыз сынған сүйектері баланың дамуына кері әсер етті. Қисық біткен аяғы күні-түні ауырып, маза бермейді. Ресей клиникаларында операция жасатып, арнайы сым қойдырса құлан таза сауығып кетуге мұмкіндігі бар. Ем-шараның құны 8 000 000 теңге тұрады. Астанада пәтер жалдап, қарапайым күн кешіп жатқан отбасына мұндай қаражатты табу оңай болмай отыр. Оның үстіне қаншама жыл бойы тағдыр сынына тап келген балапанын ойлап, анасы Гүлзираның да денсаулығы нашарлап кеткен. Дәрігерлер акромегалия диагнозын қойып, екі рет оперцияға түскен. Қазір екінші топ мүгедегі.

«Анашым, қоларбада отырсам отыра берейін, тек аяғым ауырғанын қойса болды»,- деп жылаған қызына қалай көмек берерін білмей қиналған Гүлзира Оразбековаға қолдау білдірейікші! 

Аружанның анасы Гүлзира Оразбекованың атына ашылған есепшот:

HALYK BANK: 4402 5735 4335 5541

KASPI GOLD: 5169 4931 2917 6338 

ЖСН: 760827402541